19 қаз, 2023 сағат 12:32

Алматы облысында қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды


Алматы облысының полицейлері қарақшылық шабуылдың барлық қатысушысын ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қазанда Жамбыл ауданы ПБ-ға үш адамнан тұратын белгісіз қарулы адамдардың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түсті", - делінген ведомство мәліметінде.

Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылып, олар үш күдіктіні қысқа мерзім ішінде ұстаған.

"Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы “Қарақшылық” бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.