Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Алматы облысының полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымда Қарасай ауданының ПБ-ға жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
"Табылған адамдар 30 бен 34 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматтары болғандығы анықталды. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке 43 жастағы сол республиканың азаматы ілінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Іс негізінде сот-медициналық сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.