03 жел, 2022 сағат 09:15

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды


Алматы облысында бұталардың арасынан қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"2 желтоқсан сағат 19:15 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп, қару-жарақ сақталған орынды тапты. 

Талғар ауданының аумағында Алмалық ауылына жетпей жолдың жанындағы бұталардың арасынан қытай жол сөмкесі табылды. Оның ішінен 7,62 мм калибрлі бір аңшылық мылтық, кесілген тегіс ұңғылы қарудың екі данасы, пневматикалық тапанша, оқ-дәрілер және 115 түрлі патрон анықталды" - делінген хабарламада.

Аталған факт Талғар ауданының полициясында тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.