Алматы облысында бүлдіршінге шабуыл жасаған алабайдың иесі жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі talgarnewskz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында бүлдіршіннің бетін, арқасы мен жамбасын тістеп алған ит иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"ПД соталды тергеу амалдарын бастады. 114-баптың 3-бөлігі, яғни абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша иттің иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді округ әкімі Мирас Баймолданов.