Алматы облысында бомба қойылды делінгенколледжден 600-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«30 қараша күні сағат 12:10-да кезекші бөлімге М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған дерек ҚР Қылмыстық кожексінің 273-бабы бойынша Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелді.
«Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға берілетін болады», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.