25 нау, 2022 сағат 10:34

Алматы облысында белгісіз біреу ит өлексесін көлікке байлап, сүйреген


Алматы облысында көлік жүргізушісінің ит өлексесін сүйретіп жүргені түсірілген видео Қазнет қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео @angry_taldyk Instagram-парақшасында пайда болды. Жазба авторының айтуынша, видео Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында түсірілген.

Видео сыртында әйел көлік жүргізушісінен тоқтатуды сұрайды, бірақ жүргізуші әйелге мән бермей, ары қарай кете береді.

Алматы облысының Полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.