28 жастағы жүргізуші жолда 37 жастағы әйел мен 11 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға орнында Қарасай аудандық полиция басқармасының взвод командирі, аға лейтенант Мирас Мыңжанов болған. Ол жедел жәрдем көлігін күтпей, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жергілікті ауруханаға апарған.
"Жол апатынан зардап шеккендер түрлі жарақаттармен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды. Қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық тергеу басталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.