19 мам, 2025 сағат 16:30

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды

Фото: Pexels.com

Алматы облысында 686 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Л. Каткеева мен 7 бухгалтерге сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Каткеева жүргізушісін жалған жұмысқа орналастырып, 4,9 млн теңге заңсыз жалақы аударған. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Бухгалтерлерге 7–8 жыл аралығында жаза тағайындалды, мемлекеттік қызметке 10 жыл тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.