07 қыр, 2023 сағат 17:52

Алматы облысында атыс: бір адам қаза тапты

Фото: АР

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Іле ауданының орталық ауруханасына тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы облысында атыс қатысушыларын анықтап, ұстады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр" - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізілуде.

Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда.