10 там, 2022 сағат 13:14

Алматы облысында әскери қызметші қаза болған жерден суреттер жарияланды


Алматы облысында Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі қаза тапқан жерден суреттер мен видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі мәліметінше, 9 тамызда сағат 20.55 шамасында қатты жел соғып, дауыл тұрған. Нәтижесінде шатырлар қираған.

Баспасөз қызметі дауыл салдары түсірілген кадрларды ұсынды.

Еске салайық, Алматы облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болғаны хабарланған болатын.

9 тамызда қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы жауынгер А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп, басына шатырдың темір жақтауы тиіп жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілгенде қаза болған.