Алматы облысының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «№03825 әскери бөлімі» РММ командирі мен аталған әскери мекеменің бөлім бастығына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әскери бөлім командирі келісімшарт бойынша әскери қызметкерден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алды, ал бөлім бастығы аталған факті бойынша пара алуға делдалдық жасады деген күдікке ілінген», - деп хабарлады аймақтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен. Ведомствода өзге ақпараттың ҚПК-нің 201-бабына сәйкес таратылмайтынын атап өтті.