07 қаз, 2019 сағат 22:31

Алматы облысында адам өлтірді деген күдікпен 28 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Алматы облыстық полиция департаменті Жаслан Исатайұлына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарқан ауданының тұрғыны адам өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қылмыс 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Сарқан қаласында жасалған. 1991 жылы туған күдікті бұған дейін де сотталған.

«Егер суреттегі адамды көрген-білгендер болса дереу 8 (7283) 92-15-30 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз» делінген арнайы хабарламада.