16 там, 2023 сағат 17:37

Алматы облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер анықталды

Фото: DifferR\shutterstock

Алматы облысында 514 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Соттарға 109 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы 198 талап-арыз жолданды. Қазіргі уақытта сот шешімдерімен жалпы ауданы 30 мың га жер учаскелері бойынша 44 талап-арыз қанағаттандырылды.

Облыстың жер ресурстарын басқару департаменті 50 мың га аумақтағы 248 субъектіге ұйғарым берді.

Ерікті негізде 38 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жалпы ауданы 83 мың га жер учаскелері бойынша 186 субъектіні пайдалануға кірісті. Ауданы 3 мың га 5 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке қойылды" - делінген хабарламада.

Қалған жер учаскелері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.