31 там, 2022 сағат 09:38

Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап қаза болды


Алматы облысы Талғар ауданында 2 жасар бала сәби септикке құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 28 тамыз кешкі уақытта болған. Баланың анасының айтуынша, бүлдіршін мысықтың соңынан қуамын деп беті темірмен жабылған септикке түсіп кеткен.

"Темір металл баланың салмағына шыдамай майысып, бүлдіршін құдыққа құлап кетті. Анасы баланы дереу шығарып алып, жедел жәрдем шақырған", - деп мәлімдеді Талғар аудандық полициясы.

Дегенмен бала ауруханаға бара жатқан жолда ауа жетпегеннен көз жұмған.