18 қар, 2025 сағат 12:27

Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қайғылы жағдайда қаза тапты

Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қайғылы жағдайда қаза тапты. Марқұмның отбасы оны жоғары сынып оқушылары аяусыз ұрғанына сенімді, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai kz телегерам арнасына сілтеме жасап.

Кешкі уақытта бала серуендеуге шығып, үйіне оралмаған – бір сағаттан кейін оны ес-түссіз күйде тауып алған. Оқиға орнында болған балалар келген әкесіне оның «жай ғана кенеттен құлап қалғанын» айтқан.

Алайда бұл нұсқаға туыстары сенбейді. Әкесі камера жазбаларында бірнеше жоғары сынып оқушысының баланы қараңғы көшеге қарай ертіп бара жатқанын анық көрінетінін айтады. Оның сөзінше, жансақтау бөліміндегі дәрігерлер де баланың қатты соққы алғанын растаған.

Талғар ауданының полициясы қылмыстық іс қозғап, бір жасөспірімді ұстады. Алайда марқұмның жанұясы қатаң жаза қолдануды және соққыға қатысы бар барлық адамды жауапқа тартуды талап етіп отыр.