04 қар, 2025 сағат 12:03

Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Криминальный Казахстан телеграм арнасы хабарлайды.

Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Ынтымақ ауылында болған. Полицияның хабарлауынша, күдікті — кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын, ол жедел түрде ұсталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.