17 қар, 2022 сағат 09:02

Алматы облысында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті


Алматы облысы Шелек ауылында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"16 қараша сағат 14:00 шамасында 34 жастағы "Honda Avancier" маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылы, Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркеліп, барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.