Фото: Freepik.com
Алматы облысындағы ауылдың бірінде 10 жастағы қыз зорланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"17 қазанда Жамбыл ауданының ПБ-де 2013 жылы туған кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Зорлады деген күдік бойынша 1963 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс материалдары "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасына санкция беру үшін сотқа жіберілді. Істі тергеу барысын Алматы облысы ПД бастығы бақылауға алды.