21 нау, 2020 сағат 13:10

Алматы облысына Алматы қаласынан келгендер 14 күн үй карантинінде болады

Алматы қаласының аумағынан Алматы облысына шыққан азаматтар 14 күн үй карантинінде болады. Бұл туралы арнайы қаулы қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов Алматы қаласының шекарасы жабылуына байланысты мегаполисте жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары мен қаладан шыққан азаматтар үшін 14 күндік міндетті үй карантині туралы қаулы қабылдады. 

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған құжат Алматы облысының аумағына кірген барлық азаматтарды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді. Өңірлі Денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон байланысы арқылы хабарласу жолымен оларға бақылау жасайды. Сонымен қатар осы қаулыда жүк тасымалдаудың талаптары туралы айтылған. Тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданады және өңдеу мен фумигациядан өткізіледі. Герметикалық қаптамасы жоқ жүктерді тасымалдауға тыйым салынған.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.