Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Амандық Баталов 1952 жылы 22 қарашада Өзбекстанның Нөкіс қаласында туған.
1975 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы "Алматыөңдеуқұрылыс" тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прорабы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті; Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары; Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2008-2014 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2014-2021 жылдар аралығында Алматы облысының әкімі болды.
Бүгін Президент Жарлығымен бұл қызметке бұған дейін президент көмекшісі болған Қанат Бозымбаев тағайындалды.