Фото: Іле ауданының әкімдігі
Алматы облысында Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, ақпаратты 4 қыркүйекте Антикордың баспасөз қызметі растады.
Тергеу билік пен лауазымдық өкілетін асыра теріс пайдалану фактілері бойынша жүргізілмек.
Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарады. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.