22 қаз, 2022 сағат 19:06

Алматы облысы аспанында Қазақстанның ең үлкен Туы желбіреді - видео


Сурет: Изтурган Алдауев

Алматы іргесінде "Ашық аспан" акциясы өтті. Онда парашютші Қазақстан Туын алып ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Алматы іргесіндегі "Байсерке" аэродромында Республика күніне арналған бірегей "Ашық аспан" акциясы өтті. Кәсіби парашютшы Қазақстанның ең үлкен Туын алып, тікұшақтан секірді. Ол ел рекордын орнатты.


Осылайша, акцияға қатысушылар мен ұйымдастырушылар барша қазақстандықтың патриоттық рухын нығайтып, елді айтулы мерекемен құттықтағысы келген.


Сурет: Изтурган Алдауев

Акцияға түрлі сала өкілдері мен жанашыр азаматтардан құралған меценаттар қолдау көрсеткен.

Елорданың бас тұғырында тұрған ең үлкен тудың көлемі 450 шаршы метрді құраса, әуеде желбіреген тудың көлемі 800 шаршы метр болған. Бұл бірегей оқиға үшін арнайы жасалып, нәтижесі Қазақстанның рекордтар кітабына енген.


Сурет: Изтурган Алдауев

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұлай секіру үшін ондаған жыл дайындық қажет. Ең үлкен туды алып секірген тәжірибелі нұсқаушы Олег Тощев екен. Ол осымен 5831 рет парашютпен секірген.

Акцияны ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізуге және бұл тек Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде жалғасады деп үміттенеді.