12 шіл, 2019 сағат 11:21

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Манзоров Бағдат Сайланбайұлы аймақ басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Байжанов Айдарбек Естебекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің өкімімен қызметінен босатылды.


Манзоров Бағдат Сайланбайұлы 1962 жылы туған. 1983 жылы Қазақтың физкультура институтын «Дене шынықтыру және спорт оқытушысы» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технология магистрі - көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын Талдықорған қаласының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің жаттықтырушы болып бастаған. Әр жылдарда Кировск колхозы базарының директоры, «Шаған» ЖШС президенті, «Айсер» ЖШС директоры, Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Көксу ауданының әкімі, Ақсу ауданының әкімі, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан - Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметінде болды.