коллаж: Tengrinews.kz
Алматы метросындағы пойыз неліктен тоқтап қалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгін сағат 14.58-де "Алматы-Абай" станциялары аралығында поезд тоқтап қалды. Машинист өрт дабылы датчиктерінің қосылуы салдарынан поезды тоқтатты. Ол кейін сигналдың жалған екеніне көз жеткізіп, көмекші пойыздың қосылуын сұраған. Кейін пойыз "Абай" станциясына жетіп, электродепоға шығарылды", - деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жабдық іске қосылды, пойыз техникалық бақылау мен сынақтардан кейін желіге жіберіледі.
Еске салайық, бүгін Алматы метросындағы станциялар арасында жолаушылары бар пойыз тоқтап қалды.