Фото: Polisia.kz
Алматыдағы мешітте екі ер адам ұрлық жасап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың Бостандық ауданының полицейлері мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 және 34 жастағы жұмыссыз ер адамдар ұсталды. К.есімді азаматтың 5 қылмысқа қатыстылығы дәлелденді, оның “әріптесі” Е.есімді азамат заңсыз әрекеттердің екі дерегін жасаған. Екі айыпталушы да шаһардың ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар намаз кезінде телефондарын аяқтарының астына еденге қойған. Намаздан кейін олар телефондарын жоғалтқанын байқаған. Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкінді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерудеміз. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.