31 шіл, 2019 сағат 13:08

Алматы мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық байланыс нығая түспек

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті.

Кездесуде сауда-экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Тоқаев өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру міндетін жүктеді. Оңтүстік Корея - Қазақстанның 12 ірі сауда серіктестерінің бірі. Соңғы 10 жыл ішінде Оңтүстік Кореяның Қазақстан экономикасына салған инвестициясының көлемі 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

Алматыда Оңтүстік Корея капиталымен жұмыс істейтін 320 кәсіпорын бар. Олар сауда, медицина, құрылыс және телекоммуникация салалары.

Б.Сағынтаев Алматыда ашылған Кореяның сауда және инвестициялар агенттігі (KOTRA) өкілдігінің іскерлік байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Осы жылдың 5 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауар айналымының өсімі 5,5%-ды құрады.

Алматы әкімі қалада мұнайға тәуелсіз сервистік экономика дамығанын атап өтті.

Алматы еліміздің қаржы-экономикалық орталығы ретінде жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие. Қалада 185 мыңнан астам орта және шағын бизнес бар. Индустриалды аймақта, инвестициялық жобаларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Осы жылдың сәуір айында аталған аймақта Hyndai зауытының құрылысы басталды.

Инфрақұрылым мен көлік саласындағы ынтымақтастық дамуда. Өткен жылы Алматы қаласын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жүйесіне қосатын улкен Алматы айналма жолдың құрылысы басталды. Құрылысқа оңтүстіккореялық SK Group, Korea Expressway Corporation компаниялары қатысуда. Сонымен қатар, Hyundai Rotem мен Алматы митрополиті арасында электрлік жылжымалы құрамды жеткізуге келісімшарт жасалды.