Соңғы 10 жылда елдегі сапасы нашар жолдар 40 пайыздан 12 пайызға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиингте «QazAvtoJol» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов осылай мәлім етті.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұзындығы 4,4 мың шақырымнан асатын 14 жобаны жүзеге асыру алдағы күннің міндетіне кіріп отыр. Аталған жобаларға 18 мың адам мен 12 мың жуыққа техника жұмылдырылған», - дейді компания басшысы.
Соның арқасында Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстік дәліздерінде жол сапасы жақсармақ. «Халықаралық дәліздермен қатар шекара маңындағы бағыттарға да басымдық беріледі. Оған Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы бағыттары кіреді. Қазіргі уақытта мердігерлік шарттарға қол қойылып, дайындық жұмыстары жасалып жатыр», - деді Ұлан Әліпов.
Қазақстан жолдарын жөндеуге шетелдік инвесторлар да қаржы құйып отыр.
«Мемлекеттік емес қарыз есебінен мемлекеттік кепілдікпен Еуропа қайта құру және даму банкімен және Қытайдың «ЭКСимБанкімен» келісім жасалды. Тартылған қаражаттың есебінен Талдықорған-Өскемен (763 шақырым), Қалбатау-Майқапшағай (415 шақырым), Меркі-Бурылбайтал (266 шақырым), Күрті-Бурылбайтал (143шақырым) учаскелерінде жұмыстар жүріп жатыр», - деді Ұлан Әліпов.
Оның айтуынша, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы өз стртегиясын қайта қарап жатыр. Бұдан былай негізгі басымдық адам қауіпсіздігіне берілетін болады. Сол үшінде Нұр-Сұлтан мен Алматының арасын жалғайтын республикалық маңыздағы жолдардың бәрін 4 жолақты, бірінші дәрежелі жолдарға айналдыру көзделген. Біз қазір қоғамның стратегиясын қайта қараймыз. Ал жол бойындағы адам өлімін мүлде жою үшін Zero Vision жүйесі енгізілмек.