Фото: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Алматы облысында екі бала каналға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
3 мамыр сағат 19.05-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына алты және сегіз жастағы екі баланың батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
"Балалардың туыстары ені 6 метр, тереңдігі 1,5 метрлік суару каналынан 2014 жылы туған қыз бен 2015 жылы туған ұл баланың мәйіттерін шығарған. Балалар тұрғын үйден 300 метр қашықтықта ересектердің қарауынсыз қалып, суару арнасына құлап, батып кеткен", - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.