27 қаз, 2022 сағат 17:07

Алматы маңында үш баланың жоғалуы: оқиғаның мән-жайы айтылды


Алматы маңында жоғалған үш баланың оқиғасы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

25 қазанда таңертең қала маңындағы Бесағаш ауылында үш кәмелетке толмаған жасөспірім үйінен шығып, қайта оралмаған. Оларды соңғы рет көрші Думан ықшамауданында көргендер болған. Балалар телефон алмағандықтан, олармен байланысу мүмкін болмаған. Содан балалардың ата-анасы түнде полицияға көмек сұрап жүгінеді.

"Балалар таңертең үйден шығып, ағаштар өсетін таудың етегіне қарай бет алған. Олар жапырақ жинағысы келген. Сол жерге жетіп, жапырақ жинай бастағанда, иттер қуған. Балалар қашып, тауға қарай бет алған. Ақырында, иттерден құтылып, төмен түскенде адасып кеткен. Ал онда ағаштардың көбіптігінен, тіпті ересектер де оңай адасып кетеді", - деді жоғалған баланың әкесі Жанболат.

Оның айтуынша, күн батқанша балалар кері қайтар жол таба алмаған. Содан олар қараусыз қалған үйге тап болады.

"Балалар сонда түнемек болған, бірақ ол жер суық болыпты. Біраз уақыттан кейін оларды сол жерде, тауда тұратын адам тауып алыпты. Ол балаларды түнетіп, таңертең оларды төмен түсіріп жіберген. Сол жерде оларды Ермек Шаншыбаев кездестірген", - деді отағасы. Балаларды аман алып қалуға атсалысқан баршаға алғысын білдірді.

Алматылық Ермек Шаншыбаев балалармен