сурет ашық дереккөзден алынды
«Алтын Орда» базары маңында №112 автобус жеңіл көлікке соқтығысып, кейін қоршауға соғылды. Салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында болған.
«Алматы-Бішкек» тасжолының 17-шақырымында келе жатқан Yutong автобусының жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан DAEWOO көлігімен соқтығысып, ол инерциямен бетон жолдың жиегіне соғылған. Автобус та бетон жиекке, кейін инерциямен металл қоршауды соққан»,- деп хабарлады ведомстводан.
Апат салдарынан 1971 жылы туған әйел мен 7 жасар бала зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды.
Полицияның айтуынша, аталған дерек бойынша қажетті сараптама тағайындалған. Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.