«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында еліміздің үш аймағында 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап аналогтық телехабар тарату тоқтатылады. Олар - Алматы, Қостанай және Павлодар облыстары.
Цифрлық жерсеріктік телехабар тарату бейне мен дыбыстың сапасын едәуір жақсарады. Сонымен қатар жұртшылыққа қолжетімді арналардың саны артып, жиілік ресурстарды үнемдейді және де жаңа заманауи қызметтерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет халықтың еркін ақпарат алуына және тиімді қызмет көздерін пайдалануы үшін қолайлы болмақ.
«Цифрлық эфирге көшу, бірінші кезекте, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешеді және Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары мен облыстық телерадио компанияларының барлық тұрғындары үшін 30 отандық телеарна қолжетімді және тегін. Орталықтан төменгі облыстарда 15 отандық телеарна цифрлық жоғары сапада хабар таратады. Ол аналогтық телевизия негізінде жасалуы мүмкін емес, өйткені оны күтіп-ұстау және модернизация жасау көп қаржыны қажет етеді. Сондай-ақ, еркін радиожиілік ресурстарының шектеулі болуына байланысты болмақ», - деп түсіндірді «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.
Цифрлық хабар тарату жүйесіне көшу барысында өңірлердегі радио мен теледидар станциялары қайта жаңарту жұмыстарынан өткен. Кейбір аймақтарда станциялар жаңадан бой түзеген. Бұл бастамалар елдімекендердің басым бөлігін цифрлық эфирлік теледидармен қамтуға мүмкіндік береді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында цифрлық телехабар таратуға толықтай көшірілген.
Естеріңізге сала кетейік, ел бойынша бүкіл әлемдік аналогтық хабар таратуды өшірумен цифрлық хабар таратуға кезең-кезеңмен көшіру жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемелекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр.