Алматыда өзара жарысқан жолаушылар автобусының жүргізушілері жазаға тартылатын болды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары жылдамдықпен бір-бірімен жарысып келе жатқан автобустардың жүрісін көшедегілер видеоға түсіріп алған.
Бейнекадрда таңғы 5:47-де 70 разьезд жақта екі автобус жарыса жөнелген. Кадр сыртындағы дауыс иесінің айтуынша, олар сағатына 100 шақырым жылдамдықпен қозғалған.
Полиция мұндай жылдамдықпен жүруге автобустарға тыйым салынғанын мәлімдеді.
«Бұл видео жергілікті полиция қызметіне тапсырылды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, заң аясында шара қолданатын болады», - деді баспасөз қызметінен.