Алматыда түнімен қар жауды. Қар күреу жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматыда 7-8 қаңтар аралығында жауған қарды күреу үшін 527 арнайы техника бірлігінің кезекшілігі ұйымдастырылды, оның ішінде 193 құм лақтырғыш көлік пен 318 жол жұмысшы бар.
Жалпы қалаға қалыңдығы 5-7 см, ал тау етегіндегі аудандарға 3 см қар түсті. Коммуналдық қызметтер қар жауғаннан бастап жолға көк мұздан сақтандыратын материалдар себуде.
«Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа басталысымен жолдарға, бұрылыстар мен жолайрықтардың алдына арнайы материалдар төгілуде. Түн мезгілінде 3786 тонна құм себілді. Қаладан 806 текше метр қар сыртқа шығарылды»,– делінген қалалық коммуналдық қызметтің хабарламасында.
Қар күреу жұмыстарын бақылау үшін аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.