"Мен адам баласымын, түсінесің ба? Бір жыл жұмыс істедім, денсаулық жағдайына байланыс еңбек демалысы үшін қатаң сөгіс алдым. Әнуар Қанатұлы да сөгіс алды, себебі қызметкерлер құжатты дұрыс реттемеген. Сондықтан бізге екі-үш сыйлықақы береді, болды. Сендер алтыдан аласыңдар, біз екеу аламыз. Соған жинайды. Түріңді олай жаман етпе. Тоқта, Қарлығаш. Сендерге қазір түсті, түстен кейін тағы түседі, екі рет түседі. Сендерге жеті айлықтан жаздық. Түсіндің бе?", - дейді видеода Лаура Мырзағалиға ұқсайтын адам.
Оған тағы бір адам қарсы сөйлемек болады.
"Тыңда! Біз оны қайтарып алмаймыз, себебі заң бойынша маған да, Әнуарға да берілмейді. Себебі оны үші айдан кейін шешіп алу керек. Менің де балаларым бар. Бір жыл істедім. Артық ақша алмадым", - дейді Лаура Мырзағали.
"Қарлығаш" тағы қарсы шықпақ болды.
"Қысқасы, сен бермейсің ба? Әлде түсінбейсің ба? Онда қазір кіреміз бастыққа. Сенің таңдауың болмайды. Онда артық ақшаны саған жазған... Саған артық ақша жазылмауы керек негізі. Сол үшін бізге 100 мыңнан, 200 мыңнан беру үшін... Сен түсініп тұрсың ба менің не айтып тұрғанымды?", - дейді "Лаура Мырзағали".
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері видеодағы әйел адам расында Лаура Мырзағали екенін айтты.
"Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали істің мән-жайы толық анықталғанға дейін қызметінен шеттетілді", - делінген хабарламада.