13 нау, 2020 сағат 21:24

Алматы хайуанаттар бағы уақытша жабылды

Алматыда хайуанаттар бағы уақытша жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі COVID-19 вирусына байланысты қалыптасқан жағдайға және елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, сондай-қ оның алдын-алу шараларының күшейтілуіне орай хайуанаттар бағы 2020 жылдың 14 наурызынан бастап келушілер үшін уақытша жабық болатынын хабарлайды. Алматы хайуанаттар бағының ашылуы туралы косымша хабарланады», - делінген зообақтың Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетейк, осы уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. Оның бірі Италияның Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген азамат. Үш адам Германиядан Алматыға әуе қатынасымен келген. Барлығы ауруханаға жатқызылды. 

Бұдан бұрын айтқанымыздай, елімізде коронавирус тіркелген жағдайда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия тиісті іс-шаралар жоспарын бекіткен еді. «Б» жоспары бүгін күшіне енді. Қазір барлық шара бекітілген алгоритм бойынша жүргізіліп жатыр. Коронавирус инфекциясына шалдықты деп күдіктелген тұлғада аурудың клиникалық белгісі жоқ. Эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар. - карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген; - медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті; - медициналық персонал толық дайын; - сұрақ туған жағдайда, 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек.