02 шіл, 2022 сағат 17:20

Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына жабылады

Иллюстрациялық фото: ҚР ИИДМ

Алматы - Қаскелең магистралдық эстакадасының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК Алматы облыстық филиалы 2022 жылдың 2-10 шілдесі аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты "Алматы-Қаскелең" бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылатынын хабарлайды. Бұл "Алтын Орданың" 16-19 шақырымы. 

"Бұл негізгі магистралдық эстакададағы уақытша жабынның төменгі қабатының жай-күйіне қатысты көптеген шағымдарға байланысты. Мердігер ұйым жабынның уақытша төменгі қабатын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кейіннен оның жоғарғы асфальтбетон қабатын аяқтайды", - делінген хабарламада.

Компания өкілдері жүргізушілерден жүретін жолын алдын-ала жоспарлауды сұрады.