Алматы бюджетінің 64% шағын және орта бизнес субьектілерінің салығынан құралады. Бұл туралы бүгін мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қала бюджетінің көлемі ШОБ субьектілерінен түсетін салыққа байланысты болып отыр. Алматыда шағын және орта бизнес субьектілері ашылған сайын салық көп түседі. Соның арқасында қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік артады. Бізге негізі корпортативтік табыс салығын жергілікті бюджетке бұрған тиімді. Бұл дегеніміз ШОБ субьектілерінің мүддесін қорғау керектігін көрсетеді. Өйткені, ақшаның 64% солардан келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Алматы әкімі келесі жылы ШОБ субьектілерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінетінін хабарлады.
«Бұл салаға 30 млрд теңге бөлінсе, бізге 300 млрд теңге қайтады. Оны жақсы түсініп отырмыз», - деді Сағынтаев.