Қазіргі уақытта Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамды құрайды.
Пациенттердің жай-күйі – қанағаттанарлық.
Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар мекемелерінде 29 пациент бар.
Бүгінгі күні екі баланың жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде, оның ішінде 1 бала оң динамикамен емделуде, қалған науқастарда – қанағаттанарлық.
Бүгінгі күні провизорлық госпитальдарда 672 адам, карантинде – 598, үй карантинінде – 1549 адам бар.
Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда, катаралдық құбылыстар жоқ.