коллаж: Tengrinews.kz
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылының 2 мыңнан аса тұрғыны лас ауызсуды пайдалануға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ауызсу мәселесі көп жыл бойы Алматыдан 60 шақырым жерде орналасқан Рахат ауылы тұрғындарын толғандырып келеді. Адамдар суды үлкен қауіппен ішеді, бірақ олар үшін басқа балама жоқ.
"Біз бұл суды ішеміз. Ал әкімдік бұл мәселені шешуге асығар емес. Мұндай су үнемі ағып тұрады, барлық құбырлар мен кір жуғыш машиналар бітеліп қалады. Ешкім әрекет жасамайды", - деді жергілікті тұрғындар.