15 шіл, 2019 сағат 19:57

Алматы – Екатеринбург тасжолында 2 полицей мен өзбек азаматы қаза болды (Видео)

Жамбыл облысында SsangYong қызметтік көлігі апатқа ұшырап, екі полиция қызметкері мен Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 13 шілде, сенбі күні Алматы – Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында болған. Ішкі істер министрлігі Мойынқұм аудандық бөлімінің полицейлері бөлімге көші-қон заңын бұзған Өзбекстан азаматын әкеле жатқан.

Тіркелген факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әлеуметтік желідегі megapolis.kz парақшасында жол апатының видеосы жарияланды.