Фото: © Sputnik / Александр Кряжев
Алматы ауруханасының науқастары ЖИТС індетін жұқтырған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Алматы ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ЖИТС жұқтырған үш жағдайды анықтады. Анықталған фактілер бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бұйрығымен 2 маусымда комиссия құрылды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен Алматы ЖИТС орталығының қызметкерлерімен инфекциясының таралу көздерін анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіп, донорлар, медицина қызметкерлері мен байланыста болған адамдар тексерілді", - делінген хабарламада.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тексерілгендердің барлығында талдаудың теріс нәтижесі бар екені расталды.