Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference 2019 отырысы барысында Алматы халықаралық әуежайының даму болашағын тілге тиек етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұрынғы терминал ішкі рейстерді қабылдау үшін қолданылады. Бұл нысанның қасынан жаңа терминал салынады. Ол халықаралық рейстерді қабылдау үшін пайдаланылады», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Айта кету керек, Алматыда Almaty Invest Forum аясында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев халықаралық «TAV Airports Holding» және «VPE Capital» компанияларымен келісімге қол қойған болатын.
Келісімшарт бойынша 270 млрд теңге Алматы әуежайын дамытуға бағытталатын болды.