Әлеуметтік желіде Алматы әуежайының кассасы алдында дүрліккен жұртшылықтың көп екендігі туралы ақпарат пен видеоматериал тараған болатын. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дами министрлігі ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Азаматтарды әлеуметтік желіден алынған жалған мәліметтерге емес, ресми ақпараттарға сүйенуге шақырамыз. Әуежайлар мен билет сататын кассалалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дүрбелең байқалмайды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының әуежайларындағы қазіргі жағдай туралы өзекті видео ұсынамыз. Еліміздің әуежайлары мен кассаларындағы жедел ахуал әуе айлақтары басшыларының, әуе компаниялары мен құзіретті мемлекеттік органдар өкілдерінің бақылауында», - деп атап өткен ведомство арнайы түсірілген видеоматериалды ұсынады.
Министрлік мәліметінше, жолаушылар қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы әуежайлардың өкілдіктерінен ала алады: Нұр-Сұлтан қаласы +77172777723, +77012140388, Алматы қаласы +77773701266.