05 мау, 2022 сағат 21:15

Алматы АСК басшысы бюллетеньдер түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді


Алматы аумақтық сайлау комиссиясының (АСК) төрайымы Жанна Асанова Желіде дауыс беру жәшіктеріне бюллетеньдер толтырылды деген видео пайда болғанын айтты. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері уақытша қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде сайлау учаскесінде дауыс беру жәшіктеріне бюллетеньдер толтырылғаны туралы видео пайда болған еді.

Алматыдағы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова бұл видеоны Алматы қаласының сайлау комиссиясы көргенін растады. Оның айтуынша, комиссия мүшелері бұл жағдай бойынша ұзақ кеңескен.

"Біз өзіміз сияқты белгілі бір өкілеттіктерге ие учаскелік комиссия деңгейінде учаскелік комиссия мүшелерін оқиғаның мән-жай анықталғанша қызметінен шеттету туралы шешім қабылдадық. Біздің де, жоғары тұрған комиссияның да бейнежазбаға қарап әрекетті бағалауға құзыры жоқ. Учаскелік комиссия мүшелерімен әңгімелесу барысында, олар жәшікті толтыру фактісін жоққа шығарды. Соған қарамастан бұл жәшік мөрленіп, басқа, стационарлық жәшік қойылды. Сол сайлау жәшігіндегі барлық бюллетеньдер жарамсыз деп танылуы мүмкін, оның нәтижелерін стационарлық жәшіктегі дауыс қорытындысы бойынша учаскелік комиссия қарайды. Үлкен жәшікте сол сәтке дейін бюллетень бар болса да, өкінішке қарай, олар есепке алынбайды", - деді Жанна Асанова.

Қалалық сайлау комиссиясы басшысының айтуынша, бұл жағдайдың заңдылығына құқық қорғау органдары мен ОСК баға береді, өйткені нәтижелерді жою, тоқтата тұру мәселесі ОСК құзыретіне жатады.