Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда жаңа заманауи өнер мұражайын салуға өз қаражатын салғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ брифингінде журналист Алматы әкіміне оның бизнесмен екенін айтып, айына 1 доллар жалақы алып, қаладағы түрлі жобаға миллиондаған доллар бөлген Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумбергтің үлгісімен жүру туралы ойын сұрады.
"Менің ойымша, жалақы, үлкен немесе кіші болсын, бұл - менің жұмысымның бағасы. Қала үшін жеке өзімнен бір нәрсе жасау - бұл екінші мәселе және ол менің жалақыма сәйкес келмеуі мүмкін. Қаланың дамуына үлес қосу үшін жеке өзімнің жоспарларым бар. Мысалы, досым Нұрлан Смағұлов жеке қаражат есебінен заманауи өнер мұражайын салуды жоспарлап отыр. Мен оны қолдап, өз үлесімді қосқым келеді", - деді әкім.
Еске салайық, бұған дейін Досаев жалақысы 980 мың теңге екенін айтқан болатын.