Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездесті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«ҚР Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездестім. Алматы әкімдігі мен «Еуразиядағы Канадалық іскерлік қауымдастық» меморандумына сай Алматы мен Ванкувердің арасында сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселесін талқыладық», - деп жазды Б.Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.