12 нау, 2020 сағат 14:54

Алматы әкімдігі маска шығаратын өндіріс орнын құрмақ

Қала әкімдігі маска тапшылығына байланысты өз өндірісін құрмақ. Бұл туралы Ержан Бабақұмаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыда маска тапшылығы байқалады. Себебі шикізат жоқ. Ол бұрын Қытайдан жеткізілетін. Эпидемияға байланысты импорт тоқтады. Әкімдік қазіргі уақытта қалада немесе облыста маска шығаратын өндіріс орнын ашу мәселесімен айналысуда. Жақын арада біз бұл проблеманы шешеміз деген ойдамын»,– дейді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аурухана, кеден, шекара мен бірінші кезектегі қызметтер үшін маска жеткілікті.