Фото: Tengrinews.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге қанша қаражат қажет екеніне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысы кулуарында Алматы әкімі әкімдік ғимаратын жөндеуге 12 миллиард теңге қажет екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, қаңтар оқиғасынан кейін инфрақұрылым 100 пайызға қалпына келтірілгенін айтты.
"Шағын және орта бизнес бойынша жұмыстарды аяқтадық. Тек жеке ғимараттар қалды, ал мемлекет тарапынан барлық жұмыстарды аяқтадық. Биыл қала үшін қауіпсіздіктің жаңа деңгейін қамтамасыз етуге 17 миллиард теңге бөлдік. Жұмыс жалғасып жатыр, қала 100 пайыз нормаға келді", - деп түсіндірді ол.