20 сәу, 2018 сағат 12:54

Алма ТВ-ның ақшасы мен мүлкіне бұғау салынды

"АлмаТел Қазақстан" (Алма ТВ) компаниясының 2,18 миллиард теңге көлеміндегі ақшасы мен мүлкіне бұғау (арест) салынды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайты.

KASE сайтындағы ақпаратқа сәйкес бұғау салынған мүліктің атауы: "АлмаТел Қазақстан" АҚ кассасында жатқан және түсетін ақша қаражаты, "АлмаТел Қазақстан" АҚ-ға тиесілі жылжитын және жылжымайтын мүлік, екінші деңгейлі банктердегі ақша қаражаты мен өзге де мүліктер. Бұғау салынған мүліктің сомасы: 2 180 388 000 теңге. 

Бұғау салу шешімінің датасы – 2018 жылдың 12 сәуірі.