06 там, 2021 сағат 11:21

Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілді


Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды. 

Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, отандасымыз ұтылып қалды.

Әлішер Ерғали Жамбыл облысында туған, 22 жаста. Азия чемпионатында екі мәрте қола медаль алған, ал биыл құрлықтық жарыста күміс жүлде еншілеген.